Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысының туризм басқармасы

16.07.2018
56
18:23
Өзбекстан Республикасының Хорезм облысы хокимінің орынбасары Темур Давлетов бастаған Хорезм облысының өкілдері Маңғыстау облысына келді

Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында Өзбекстан Республикасының Хорезм облысы хокимінің орынбасары Темур Давлетов бастаған Хорезм облысының өкілдері өткен жұмада жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді.  Жұмыс сапарына Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісінің Кеңесшісі Тимур Рахимов қатысты.

Маңғыстау облысы әкімдігінің туризм саласындағы өкілдері, өңірдің турбизнес және «Атамекен» Маңғыстау облысының кәсіпкерлер платасының өкілдері мен Хорезм облысының өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізіліп, туризм саласында екі облыстың өзара ынтымақтастығы туралы келісімге қол жеткізілді.

Сонымен қатар, Хорезм облысының өкілдері Маңғыстау облысының туризм саласы ассоциациясы және Ақтау қаласы туристік бизнес қоғамдастығы өкілдерімен жеке кездесулер өткізді.

Осыдан соң, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Кенесарыұлы Сәкеев Өзбекстан Республикасы Хорезм облысы хокимінің орынбасары Темур Исмоилович Давлетовпен кездесті.

Облыстық туризм басқармасымен Өзбекстаннан келген қонақтар үшін Ақтау қаласының көз тартарлық жерлері мен облыстың туристік нысандары бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта Хорезм облысының хокимдігімен Ақтау қаласы әкімдігі және бизнес қоғамдастығымен кездесулер өткізу жоспарлануда. 


Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте