Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысының туризм басқармасы

24.07.2018
75
12:17
«Маңғыстау геопаркі» жобасы

Біріккен Ұлттар Ұйымымен маңыздылығы жоғары деп танылған - туризмнің тұрақты дамуына қызығушылық таныту үшін 2017 жыл - Халықаралық тұрақты туризм жылы деп жарияланған болатын.

Себебі, туризмнің тұрақты дамуына көптеген мүмкіндіктер ашатын геопарктер планетамыздың 4,6 млрд жылдық тарихын, сонымен қатар, біздің өміріміз бен қоғамымыздың әрбір қөзқарасын қалыптастырған геологиялық әртүрлілікті баяндайды. 

Геопарк - аумағында Жер қабатының геологиялық тарихы, жергілікті ландшафтың қалыптасуы, тау жыныстары, пайдалы қазбалар мен минералды шөгінділердің кен орындарының пайда болуы ашық көрініс тапқан, ежелгі тарихқа дейінгі жануарлардың қазба қалдықтары сақталған, ерекше қорғалатын мәртебесі бар өңір. Әр түрлі елдерде ашылған геопарктерде таныстыру экскурсиялары жүргізіледі және ең маңыздыларына түсіндіру кестелері орнатылған. Арнайы жасақталған, көрсеткіштермен және жол картасымен жабдықталған маршруттар бойынша жаяу туристпен қатар, велотурист те жүре алады.

ЮНЕСКО-ның  ақпараты бойынша, ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктері – геологиялық әртүрліліктегі және жергілікті бастамаларға сүйене отырып, өңірлердің тұрақты дамуына ықпал ететін аумақтар. Олар климаттың өзгеруі мен табиғи апаттардың проблемаларына мониторинг жүргізуге және көпшіліктің хабардарлығын молайтуға  көмектеседі. Сонымен қатар, көптеген геопарктер жергілікті қоғамдастыққа стихиялық зардаптардың қалдықтарын жеңілдету бойынша стратегия әзірлеуге ықпал етеді.

Баруы шектеуліктерді қарастыратын табиғи парктерге қарағанда, геопарктердің күзет қою мәртебесі аса қатал емес және олар геотуризм мен танымдық-ағартушық қызмет үшін әрқашан да  ашық.

Геопарктерді ашу бойынша қозғалыс 1990 жылдары  басталып, бүкіл планетаны қамтыды. 2002 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның Бүкілдүниежүзілік ұлттық геопарктер желісін қолдау бойынша (Global Network of National Geoparks) арнайы бағдарламасы жұмыс жасайды. 2004 жылдан бастап аталған ұйым геотуризм бағытын дамытуда.

2010 жылдың қазанына ЮНЕСКО-ның осы ұйымына  әлемнің 24 елінің 77 геопаркі кірді.

2015 жылдың қараша айында Париж қаласында ЮНЕСКО-ның  195 қатысушы-мемлекеті «ЮНЕСКО-ның Жаһандық геопарктері» - жаңа мекеменің мәртебесін ратификациялады. Осы ниетпен ел үкіметтері керемет геологиялық объектілер мен ландшафтарды кешенді көзқарастың негізінде басқарудың маңызын тануды білдіретіндігін растады.

2017 жылы геопарктердің Бүкілдүниежүзілік желісі сегіз объектіге толықтырылып, жаһандық геопарктер саны 35 елде 127-ні құрады.

Қазіргі таңда ЮНЕСКО-ның Атқарушы кеңесімен ЮНЕСКО-ның Жаһандық геопарктер Кеңесінің ұсынысы бойынша  планетамыздың зор геологиялық саналуандығын растайтын Солтүстік Америка, Азия, Еуропа елдеріндегі 13 объектіге жаһандық геопарктер мәртебесі берілді.

Осылайша, қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша 38 елде жаһандық геопарктер саны 140-ты құрайды.

Еуропада геопарктер Австрия, Германия, Греция, Франция, Хорватия, Англия, Шотландия, Финляндия, Норвегия, Испания, Италия, Чехия, Румыния, Португалия, Ирландия, Солтүстік Ирландия сияқты елдерде орналасқан. Еуропадан тыс жерлерде ЮНЕСКО-ның геопарктері Қытай, Вьетнам, Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея, Канада, Бразилия, Иран және Тайваньда құрылған.

«ЮНЕСКО-ның Жаһандық геопарктер» бағдарламасының басшысы  Патрик МакКивер атап өткендей, геопарк аясында жергілікті тұрғындар  мал шаруашылығы, бал шаруашылығы, саз аспаптарын жасау, ұлттық киімдерді тігу сияқты - өздерінің ежелден бері айналысатын кәсібі мен шұғылданатын тұрмыс-тіршіліктері арқылы табыс табуға тиісті.

Аспан астындағы мұражай - өңірімізде орналасқан 11 мыңнан астам тарихи-мәдени, табиғи ескерткіштерді әлемге кеңінен танытуға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, келешек ұрпаққа жеткізу үшін ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәртүрлерімізді сақтап, қастерлеп, туризмнің тұрақты дамуына ықпал ететіндігін, сонымен қатар, жаһандық дәрежедегі табиғи объект - «Маңғыстау геопаркін» құру - өңірімізге туристерді тартуға көп  мүмкіндік беретіндігін ескере отырып, өткен жылдың қараша айында - ЮНЕСКО-ның Франциядағы штаб-пәтеріне «Маңғыстау геопаркін» Жаһандық геопарктер тізіміне номинациялау бойынша өтінім берілді.

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдігінде ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросының ықпал етуімен ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктер бойынша Қазақстанның Ұлттық комитетінің мәжілісі өткізілді. Кездесу барысында Комитеттің мүшелерімен жаһандық геопарктер желісіне Маңғыстау геопаркін, сонымен қатар Бурабай, Алтын-Емел ұлттық табиғи парктері мен Арал бойын номинациялау мәртебесі талқыланды. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар геологиялық мұрамызды сақтау, туризмнің тұрақты дамуын ілгерілету мен Қазақстанда геотуризмнің даму перспективасы және олардың бір-бірімен байланысы туралы мәселелерді талқылады.

Осы бағытта Маңғыстау, Түпқараған аудандары бойынша «Маңғыстау геопаркі» жобасына кіретін аумақтарда ЮНЕСКО-ның халықаралық сарапшылары экспедициямен келіп, зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Жалпы, «Маңғыстау геопаркі» жобасының аумағына Сұлтан епе, Шақпақ-ата жерасты мешіттері, Жығылған мүйісі, Тамшалы шатқалы, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласындағы  мұражай кешені, оның ішінде Форт-Шевченко қаласындағы этнографиялық мұражай,  Т.Г. Шевченконың мемориалдық мұражайы, Мұрын жыраудың мұражайы, Отпан-тау тарихи-мәдени кешені, Көгез этноауылы, Ақмыш, Самал шатқалдары, Қызылқала қалашығы, Қапамсай, Шақпақты сай, Шерқала, Көкала, Жылшы таулары, Айрақты-Шоманай тау шоқылары, Қамалдар сайы, Қарадиірмен сазды қабаттары, Торыш жеріндегі шар тәрізді конкрециялары кіреді.

«Маңғыстау Геопаркі» жобасын Жаһандық геопарктер тізіміне номинациялау және «Рухани жаңғыру»бағдарламасын жүзеге асыру  аясындаМаңғыстау облысының туризм басқармасымен өңірдің туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында, үстіміздегі жылдың мамыр айында  «Құпиялы Маңғыстау» тақырыбында Ресей және Әзірбайжан елдері, отандық туроператорлар мен бұқаралық ақпарат құралдары, отандық блогерлердің қатысуымен облыс аумағы бойынша ақпараттық-жарнамалық тур өткізілді.

Аталған ақпараттық тур «Маңғыстау геопаркі» жобасына қатысты Маңғыстау, Түпқараған аудандары аумақтарына кіретін туристік маршруттар бойынша ұйымдастырылып, жан-жақтан жиналған шетелдік, отандық турға қатысушылар мың шақырымға жақын жолды жүріп өтті.

Турдың қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Турға қатысушылар өлкеміздің тартымды жерлері мен табиғи, тарихи-мәдени нысандарына барғандағы алған өз әсерлерімен бөлісіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Осы ақпараттық тур «Маңғыстау геопаркін» құру бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралардың бірі болып табылады.

Тамыз айында ЮНЕСКО сарапшыларының қатысуымен «Маңғыстау геопаркін» ЮНЕСКО-ның Жаһандық геопарктер тізіміне номинациялауға арналған ғылыми-практикалық конференция өткізу, ғылыми зерттеу-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру - жоспарымызда.

Бірқатар материал интернет желісінен алынды.

Сілтемелері:

1.  https://ru.unesco.org/news/globalnye-geoparki-poluchayut-novyy-status-yunesko;

2.  http://ru.unesco.kz/kazakhstan-national-committee-on-geoparks-discussed-potential-sites-for-unesco-global.

Гүлсім Жариева,

Маңғыстау облысының

туризм басқармасы

туризм бөлімінің басшысы 


Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте