Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысының туризм басқармасы

21.11.2016
800
11:35
Маңғыстау облысындағы Экотуризмы

     Экотуризм – бұл экономикалық жағдай жасауда табиғатты қорғаудың жергілікті жер мен оның тұрғындарына тиімді болып табыла отырып, экожүйенің тұтастығын бұзбай, аталмыш аумақтың табиғи, мәдени, этнографиялық ерекшеліктері жайлы түсінік алу мақсатында бірсыдырғы адам аяғы баспаған жерлерге саяхат жасау.

      Экотуризмнің негізгі басымдылығы – зиян келтірме, болашақ ұрпақ әлемді қазіргі ұрпақтың көргеніндей етіп көруі тиіс деген ұстаным болуы қажет.

       Облыста аумақтың экотуризмін дамыту үшін мәдениет және сәулет тарихы нысандары танымдық, білім беру, ғылыми және басқа мақсаттарында пайдаланылуы тиіс.

       Экотуризм белсенді демалыс пен барлық жастағыларға арналған туризм есебінен эмоционалды қарбаласты қарқынды қалпына келтіріп, өмірден әсер калейдоскопын алу, қоршаған әлемнің, демалыстың, таным мен рухани құндылықтарды арттыру мүмкіндігін береді.

         Тағы бір фактор – шағын қалалардың, экологиялық туризм ресурстарына бай, жетуі қиын, жойылып кеткен, тұрғындары аз аумақтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру облыстың әлеуметтік инфрақұрылымын кешенді дамытуға септігін тигізеді.

        Ең бастысы – экотуризмнің дамуы жұмыс орындарын құруға, тұрғындарды жұмыспен қамтуға және олардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік туғызып, жетуі қиын және күзетілетін аумақтардың экономикасын дамытуға оң ықпал етеді.

        Маңғыстау Қазақстанның оңтүстік-батысында, Әлемдік мұхит деңгейінен төменде жатқан Каспий теңізі мен орасан шөлдің қиысқан жерінде орналасқан. Облыстың солтүстік аймағын Каспий маңы ойпаты алып жатыр. Орталығында – Маңғышлақ түбегі мен дүниежүзіндегі ең терең шұңғымалардың бірі Қарақия. Оңтүстік-батыстағы Кендерлі-Қоясан үстірті басқа орасан зор шұңғыма Қарынжарыққа түседі. Ал шығысына қарай Үстірт шоқысы созылып жатыр. Облыстың үлкен аумағының барлығы екі параллелді жоталар Ақтау және Қаратаумен бөлінеді. Климаты шұғыл-континенталлі, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы 4-90С. Аймақтың көп бөлігін бұталы өсімдікті учаскелері бар жусанды-сортаң шөл алып жатыр. Дегенмен, жолаушыны салқындататын жасыл аралдары, шөл даладағы нағыз оазистері де кездеседі.

        Маңғыстау облысының аумағында төмендегідей ерекше күзетілетін табиғи аймақтар орналасқан:

- Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы;

- Ақтау-Бұзаушы мемлекеттік табиғи қорықша (зоологиялық);

- Каракия-Каракольский природный заказник (зоологиялық);

- Кендерлі-Қаясан мемлкеттік қорықтық аймақ;

- Маңғышлақ тәжірибелік ботаникалық бақ;

- Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорықтық аймақ.

        Табиғи-қорықтық қор нысандары тек бірегей табиғи кешендер ретінде ғана емес, сондай-ақ олардың көпшілігінде ғылыми және танымдық қызығушылық тудыратын археологиялық және тарихи ескерткіштері орналасқандығымен, экологиялық туризм бағытында көрсетуге лайықты нысандар ретінде тартымды.

       Саяхатта әртүрлі әсерлерді ұнататындарға, Маңғыстау табиғатының таң қалдырарлық алуан түрлілігіне тамсанғысы келетіндерге, оның бірегей тарихы мен мәдениетін қолмен ұстап көргісі келетіндерге, жұмбақ қорымдары мен жер асты мешіттеріне барғысы келетіндерге арналады. Маңғыстаудағы нысандардың барлығы дерлік өзінің бірегейлігімен, қайталанбастығымен және маңыздылығымен таң қалдырады. Бұл сезімдерді Сіз Маңғыстауға саяхат барысында бастан кешіре аласыз. Бұл алуан түрлі табиғаты мен жарқын этнографиялық сұлулық аймағы.

        Қазіргі уақытта аймақта бірнеше турагенттіктер, жеке ұйымдар мен аймақтың табиғи көрнекті жерлері жайлы тамсана әңгімелеп және көрсетіп беретін альтруистер жұмыс істейді.

        Айталық, «Турист» ЖШС компаниясы облыс бойынша 2-3 күндік экологиялық бағыттарды ұсынады, бұл уақытта туристер киелі мекеннің тарихы мен табиғатымен таныса отырып, экотуризм мәдениетіне терең бойлап, жергілікті тұрғындардың тұрмысына қанық болады.

         Бағыттардың бірі – бұл «Құпияға толы Маңғыстау». Жалпы ұзындығы 500 шақырымдай, бағыт асфальт, грейдер және ауыл арасындағы сүрлеу жол арқылы өтеді. Саяха, әрине  Маңғыстау облысының жүрегі – Ақтау қаласынан басталады, одан әрі Қапамсай құзы – Шақпақ ата жер асты мешіті – Құмақапа құзы -Торыш шар тәрізді тас конкрециялар алқабы – Көкала үңгір тауы– Ақтау қаласы.

         Ұйымдастырушылар көптеген оң эмоцияларды бастан кешіруге уәде береді: сұлу табиғаты бар құздар аясындағы, өздерінің туындауы жайлы құпиясын жасырған үлкен шар тәрізді тас конкрециялары бар ғажайып алқаптағы серуен. Маңғыстаудың ең сұлу және көне мешіттерінің бірі жартаста ойып жасалған Шақпақ ата мешіті көшпенділер тастан ою мәдениеті дәстүрінің үздік бейнесін көрсетеді.

           Сонымен қатар, облыста кеңінен танымал «Экспедиция +362» жұмыс істейді. Топ 2012 ж. құрылып, сол уақыттан бастап туған өлке жайлы фото және бейнефильмдер түсіреді, эко экспедициялар ұйымдастырады. Өздерінің бейнероликтерін толық метражды формада түсіре отырып, бұл команда барлық жүріп өткен жолдарын, жолда көрген қиыншылықтарымен бірге көрсетеді. Көрермендерді байтақ даланың шексіз сұлулығымен, тарихи нысандардың шығу тарихымен таныстырады. Әр бейне есебінде кәсібилік, еңбекқорлық және өзі атқарып жүрген жұмысқа деген үлкен махаббат сезіледі.


Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте