Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысының туризм басқармасы

29.01.2018
377
17:33
Әлеуетті инвесторларға үндеу

Маңғыстау облысының туризм басқармасы «Ақтау қаласының теңіз жағалауында («жылы жағажай» аумағы) қонақ үй кешенінің құрылысын салу» инвестициялық жобаны іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды шақырады.

Қонақ үй кешені жобасына қойылатын талаптар:

1.  Сыйымдылығы 50 нөмірден кем емес;

2.  Асхана аумағының болуы;

3.  Санитарлық-гигиеналық жағынан жайлы жабдықталып, қамтылуы (сапалы сумен қамтамасыз етілуі, санитарлық-техникалық жүйенің, бөлмелерде ауа айналымының болуы;

4.  Техникалық жағынан жайлы жабдықталып, қамтамасыз етілуі (инженерно-техникалық құрал-жабдықтар, қондырғылардың болуы);

5.  Функционалдық жағынан жайлы жабдықталып, қамтамасыз етілуі (арнаулы тіркеу орны бар холл, жиһаз, тұрмыс жабдықтары, қызмет көрсету қызметі, нөмірлердің жоспарлануы, нөмірлерде санитарлық тораптың болуы);

6.  Қауіпсіз тұру қамтамасыз етілуі;

7.  25м х 50м кем емес көлемдегі бассейннің болуы;

8.  Кешеннің аумағында қосымша ғимараттар мен имараттардың (кафе, барлар, демалу орындықтары, спорттық және балалар алаңшалары, құтқару мұнарасы, жағажай қондырғылары және т.б.) болуы;

9.  80 орынға арналған автомобиль тұрағы 80 мест;

10.  Эстетикалық факторлар (ғимараттың сыртқы көрінісі, бөлмелердің интерьері помещений, терезеден қарағандағы сыртқы көрініс).

Қызығушылық танытқан жағдайда, әлеуетті инвесторларға келтірілген талаптарға сәйкес, қонақ үй кешенінің эскиздік жобасын әзірлеу қажет және Маңғыстау облысы әкімінің атына инвестициялық жобаны бастамашылығы туралы өтініш жолдау керек.

Жоба Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің отырысында қаралатын болады. Жоба мақұлданған жағдайда, инвестор мен Маңғыстау облысы әкімдігінің арасында Инвестициялық келісім-шарт жасасу мүмкіндігі қарастырылатын болады. Қолдау шарасы шеңберінде шамамен 200м х 300м көлемінде  жер телімін бөлу, инженерлік коммуникация және басқа да мәселелерді шешуге ықпал ету болжанған.

Қосымша ақпарат бойынша мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады:

Маңғыстау облысы,  Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 ғимарат, облыс әкімдігі, 237а кеңсе. Тел:42-02-45, эл-почта: tourism@mangystau.gov.kz


* Сайтта қосымшада берілген қонақ үй кешенінің дайын эскиздік жобасын қолдану рұқсат етіледі.


Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте