Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысының туризм басқармасы

12.02.2018
669
17:40
Сары безгек ауруы

Бразилияда сары безгек ауру санының артуы байқалады. Ол көбіне «Aedes ayegypti» (бұл маса зика,чикунгуньи және денге вирусын таратады) вирусын жұқтырған масалар арқылы беріледі. Бразилияның Денсаулық сақтау Министрлігінің мәліметі бойынша соңғы аптада сары безгекті жұқтырушылар саны 4 есеге артқан. Сонымен сары безгекті жұқтырғандар саны 130 (2018 жылы 19 қаңтарда - 35 болған), олардың ішінде 53 (19 қаңтарда – 20 жағдай) өліммен аяқталады (Минас-Жерайс штатында - 24, Сан-Паулу штатында - 21, Рио-де Жанейро штатында - 7 және Бразилия орталық округінде - 1). 27 штаттың 23-нде вирус жұқтырған деген күдікпен (601 барлығы) науқас тіркелді. Бырақ тек Сан-Паулу (61), Минас-Жерайс (50), Рио-де-Жанейро (18) штаттары және орталық федералды округтегі (1) жағдайлар расталды.

Аурудың белгілері : қызудың көтерілуі, бас ауруы, сары ауру, бұлшық еттің ауруы, құсу және шаршау. Адам ағзасында вирустың инкубациялық кезеңі – 3-6 күн. Бастапқы кезеңдерде белгілері білінбейді. Сырқаты таксикалық сатыға өткен емделушілердің жартысы 7-10 күн аралығында қайтыс болды. Бүгінгі таңда сары безгекке қарсы дәрі жоқ. Ауруханада көрсетілетін дұрыс және уақытылы емнің нәтижесінде емдеушінің өміршеңдігі артады. Сары безгекке қарсы күрестің тиімді тәсілі – алдын алу шаралары (вакцинация). Осыған орай сарапшылар иммундау шараларының халықтың көпшілігі жұқтырған аймақтарда жүргізудің маңыздылығын баса айтады.

2018 жылдың 25 қаңтарында Бразилия Үкіметі Сан-Пауло, Минас-Жерайс және Рио-де-Жанейро штаттарында міндетті вакцинация жүргізе бастады. Бұл штаттарда сары безгекке қарсы екпе жасайтын қосымша бөлімдер ашылды. Өлім санының көбеюіне байланысты халық медициналық мекемелердің алдында вакцина алуға көп уақыт кезекте тұр. Сонымен қатар үкімет хабарлуы бойынша вакцина 0,1 мл түрінде егіледі, ал негізгі мөлшері – 0,5 мл. Бөлшектік бөлік вакцина жетпеген жағдайда қолданылады және 8 жыл көлемінде іске асады. Ал негізгі мөлшері салынса калота салу шарасы қолданылмайды. Сол себепті Федералды үкімет қоғамдық ұйымдар тарапынан сынға ұшырады. Басты себеп – 2017 жылғы эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайларға жұмсалатын бюджет 33%-ға қырқартылды. Бұл дегеніміз 30 млн-нан 20 млн реалға азаю (1 АҚШ доллары = 3,2 реал). Қоғамдық қысымнан соң 20 қаңтарды Бразилияның Денсаулық сақтау Ұлттық қоры аймақтық бөлімдерге 54 млн. реал қаржы бөлді. Ал Бразилия Денсаулық сақтау Министрлігі 57,4 млн. вакцина мөлшерін федералды штаттардың медициналық ұйымдарына бөліп берді.

Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымының арызы бойынша сары безгек ауруы жұғатын өте қауіпті Бразилиялық штат Сан-Пауло болып табылады (бұрын теңіз жағалауында сары безгек ауруын жұқтыру қауіпі жоқ болатын). Бұл ретте Бразилия Денсаулық сақтау Министрлігі Халықаралық карнавал қарсаңында әр елден келетін көпеген туристер үшін арызды жеңілдетпек болды. Үкіметтік эксперттер арыздары бойынша,  егер каранавалға қатысатын қатысушылар әрдайым қалалық аудандар журетін болса, оларға ешқандай сары безгек ауруының қауыпы жоқ. Бұл ретте масалардың шағуынан қорғану үшін жеңі ұзын көйлек, ұзын шалбар және денені жауып тұратын тор заттар кию абзал. Бырақ Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымы масалар арқылы  жұқтырылған сары безгек ауруы тіпті бір адамы шаққанның өзінде эпидемияға айналады деген қауіпі бар. Сондықтан Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымы 2018 жылдың ақпан айында Бразилия қаласына келуге қызығушылығы бар туристерге алдын-ала сары безгек ауруына қарсы екпе салдыртуды ескертеді.

Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте