Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысының туризм басқармасы

23.02.2018
369
19:26
Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Е.Т. Қожағапановпен кездесу

Ү.ж 23 ақпан күні Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрында Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Ерлан Тоқтарханұлы Қожағапановпен кездесу өтті. Кездесуге мәдениет және спорт, мұрағат, тілдер және туризм саласының өкілдері барлығы 250 адам қатысты. Кездесуде Елбасының жолдауы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша баяндама тындалды.

Вице-министр Е.Т.Қожағапанов өзінің баяндамасында Мемлекет Басшысының Жолдауындағы экономика мен әлеуметтік саланың барлық салалары үшін ұсынылған 10 негізгі міндеттерінің ішінде Туризм индустриясының дамуы, ішкі және кіру туризмі ағынын арттыру Жолдаудың басым бөлігі екендігін атап өтті.

Осыған байланысты, туристік саланы сәтті дамыту үшін биылғы жылы  мыналар жоспарлануда:

-туризм индустриясын басқаруда экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы халықаралық стандарттарын енгізу;

- «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру арқылы ішкі туризмді дамытуды ынталандыру;

-отандық және келуші туристерді тарту бойынша ауқымды ақпараттық компанияны бастау.

Бұл ретте, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші» Елбасы белгілеген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін барлық мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің күш біріктіруі қажет. Сонда ғана алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайдыдеп сөзін аяқтады.

Сонымен қатар, кездесуде «Қазақ туризм» ҰК АҚ-ң өкілі Рашид Талапұлы Күзембаев елімізде туризмді одан әрі дамытудың жоспарлары туралы баяндамасымен таныстырды.

Жалпы кездесу соңында, Вице-министр Е.Т.Қожағапанов  қазіргі  таңда министрліктің 5 (мәдениет, спорт, мұрағат, тілдер және туризм) салалары бойынша жұмыс атқаратындығын, соның ішінде қазірде туризм саласына аса мән беріп, одан әрі дамытуға жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтті.


Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте