Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысының туризм басқармасы

«Екінші Мекке»
07.12.2015
0

Қазақстанның барлық жерінен және шекаралас мемлекеттерден қажылыққа келушілер көп болғандықтан Маңғыстауды «Екінші Мекке» деп те атайды.

Ең атақты ескерткіштердің бірі – Бекет-ата мешіті – тауда ойып жасалған. Бекет-ата мұсылман елінде көріпкел және әулие ретінде танымал. Ол адамдарды емдеген, өзіне келген әлсіздер мен жәбірленушілерге ол денсаулық пен күш сыйлаған. Дауларда екі жақты ортақ келісімге әкелердей даналық айтқан. Өз уағыздарында Бекет-ата шыншыл болуды және жақсылық жасауға уағыздайды.

Бекет-ата қорымы тек қана Маңғыстаудың емес, сонымен қатар Қазақстанның да рухани, тарихи және архитектуралық ескерткіші болып табылады.

 Сұлтан – эпе.

Ертеректе бір күні әкесі ұлдарын өзіне шақырыпты. Барлығы бірден әкесінің алдына келеді. Әкесі сүйікті ұлына ашуланады. Сонда, Сұлтан – эпе өзінің сонау Каспийде сәтсіздікке ұшыраған балықшыларға көмек көрсеткенін айтып, арқасындағы арқан іздерін көрсетті. Сол кезден бері ол әрқашан да теңіздегі қысылған жандарға көмекке келген екен.

Сұлтан – эпе жартасы өзінің қайталанбас сұлулығымен таң қалдырады. Бұл түбектегі байлықтардың бірі. Бұл жартас шөлдегі нағыз оазис: ағаштар, гүлдер, шөптерге толы, бұлақтар сылдырлап ағып жатыр, құстар ән салуда.

Шақпақ – ата.

Ең көп таралған аңыздардың бірі Шақпақ-ата есімімен және жартасты мешіттерге байланысты. «Бірде Шақпақ-ата бір ауыл жанынан өтіп бара жатып, күйеуі әйелін ұрып жатқанына еріксіз куәгер болады. Шақпақ-ата сорлы әйелдің сөзін сөйлеп, құтқарып алады. Алғыс орнына әйел Шақпақ-атаға еріп жүреді. Олар тоқтаған тіршіліксіз жерде жер астынан қайнар бұлақ көздері ашылып, жауын жауа бастаған екен».

Содан бері адамдар сол жерге өз қайғы-қасіретіне ем табу үшін үмітіне ат артып келеді екен. Бұл киелі жерде болмаған және уақыт пен шексіздік белгісі бар тастарды өз қолымен ұстауды армандамаған жан жоқ десеңде болады. 


Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте