Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысының туризм басқармасы

Тарихы
07.12.2015
0

Маңғыстау жері – бұл ежелгі өркениет елі, 11 мың тарихи ескерткіш мемлекеттің қорғауына алынған археологиялық қорық, ашық аспан астындағы мұражай, мыңдаған тасқа салынған сурет-дастандардың елі. Ерекше діни ғимараттар мен Бекет-Ата, Шақпақ-Ата, Шопан-Ата, Масат-Ата мешіттерінің өлкесі, оларға тек Қазақстаннан ғана емес, сондай-ақ Түрікменстаннан, Өзбекстаннан, Ресей мен Кавказдан, Иран мен Түркиядан сиынушылар үздіксіз ағылуда.

Мыңдаған жылдар бұрын Маңғыстау жерімен Хорезм мен Хиуадан Еуропаға және Таяу Шығысқа созылған Ұлы жібек жолы өтті. Бұл жолдың бойымен Үстірт қыратында бекіністер, керуен-сарайлар, қолөнершілердің, малшылардың және аңшылардың қоныстары орналасқан. Табылған археологиялық заттар бұл бекіністер мен қоныстарда өмір деңгейінің айтарлықтай жоғары дәрежеде болғандығын дәлелдеп отыр. Халықтардың ұлы қоныс аударуы және осымен байланысты сансыз соғыстар Үстірт арқылы өтетін Жібек жолын үзіп тастады, ал кейінгі жүзжылдықтарда болған жойқын монғол шапқыншылығы оларды жер бетінен біржола жойып жіберді.   Маңғыстау көп ғасырларға ойкуменаның ең шегіне қарай ығыстырылды және еуразиялық қатынастар үшін шешуші маңызға ие болуын тоқтатты. Оның үстімен құрғақ жел соғып өтіп, күн күйдіріп, түбекті мекендеген көшпелілердің өмірін тіршілік үшін тоқтаусыз арпалысқа айналдырды.

Бүгінде Маңғыстауды қазыналы түбек, тарихи ескерткіштер мен мыңдаған жолдар өлкесі деп атайды. Бұл жолдар теңіз жағасында пайда болған қала – Ақтауға, Қазақстан Республикасындағы ең жас орталықтардың бірі болып табылатын Маңғыстау облысына апарады. Ұлы геолог, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, КСРО ҒА академигі Қ.И. Сәтбаев бірде түбекті ұшақпен айналып ұшқанда, оның құм пердесімен жабылған әйелдің кескініне ұқсайтынын байқап, оны «ұйқыдағы ару» деп атаған.

Түбекті геологтар оятты. Олар 1950-ші жылдардың басында Маңғыстау қойнауынан уран мен жер бетінде сирек кездесетін элементтердің, мұнай мен газдың кен көздерін тапты. Картада жаңа қалалар мен поселкелер пайда болды: теңіз жағалауындағы Ақтау, далалық жерден биікке көтерілген Жаңаөзен қаласы, мұнайшылардың поселкелері Жетібай, Қаламқас пен Қаражанбас.

Маңғыстауда 5 мұражай жұмыс істейді, олардың қорларында өңірдің бір кезде ежелгі еуразиялық өркениеттің орны болғандығын дәлелдейтін археологиялық және палентологиялық олжалар бар. Жергілікті тұрғындар сол ерте уақыттың куәларын көздің қарашығындай сақтауда. Маңғышылақта ежелгі заман мен қазіргі заман үйлесім тапқан.

Маңғыстаудың саздары, әндері мен күйлері әрқашанда өзінің қайталанбастығымен және көркемдігімен ерекшеленген. Халықтың әнші-композиторлары, ұлы ақын-жыраулар мен көптеген басқа да ұлттық рухтың данышпандары арттарына өте бай мұра қалдырды. Бұл мәдени дәстүрлер біздің талантты замандастарымыздың шығармашылығында да өз жалғасын табуда.

Маңғыстаудың архитектуралық өнері өзінің гүлдену кезіне жеткен кезде, 19 ғасырдағы халық сәулетшілерінің біртума шығармалары өз бойына шеберлердің бірнеше ұрпағымен жасалған барлық көпғасырлық тәжірибені жинақтаған.  Безендірілуі бойынша өте бай кесенелер тап сол дәуірмен даталанады. Олардың сымбатты пішіндері, сирек ою-өрнектің әсемдігі, түрлі-түсті бояумен әшекейленген ішкі қабырғалары ең міншіл көрерменнің өзін де таң қалдыруға тұрарлықтай. 1980 жылы Маңғыстау Мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы құрылды. Облыста 12 мыңнан аса тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Қорықтың қарамағында мемлекеттің қорғауына алынған 139 нысан бар. Олардың ішінен 20-ы республикалық маңызға ие. 12000 мыңнан аса ескерткіштер ғылыми тұрғыдан зерттелген және өңделген. Олар Каспий жағалауындағы халықтардың мәдени және діни дамуының барлық кезеңдерін бейнелейді.

Ең қастер тұтылатын және халық көп келетін Маңғыстау ескерткіштерінің бірі – Оғыландыдағы (Оңтүстік Үстірт) Бекет-Ата мешіті. Мешіт Шопан-Атадан 100 шақырым жерде орналасқан. Мешіттің ең түбіндегі сағанада Бекет-Ата өзі жерленген. Бекет Мырзағұлұлы – қазақ халқының философы және ағартушысы. Жас күнінде оның батыл және тамаша сарбаз бен қолбасшы ретінде атағы шыққан. Өз елінде бейбітшілік пен ынтымақтастықтың орнауын армандай отырып, өмірінің ортасына қарай дінге жүгініп, ислам дінінің сопылық ілімінің жолын қуушы болады. Ол маусымды қоныстанған жерлерінде мешіт-медреселер ұйымдастырып, адамдар арасында ағарту жұмыстарын жүргізеді және тақуа өмір салтын насихаттайды, балалардың сауатын ашу үшін оқу ұйымдастырады. Өз өмірінде ол бірнеше жерасты мешіттерін салды. Олар Ембі өзенінің сағаларында, Аралдың жағасында, ескі Бейнеу құдығының маңында және Оғыланды жерінде орналасқан.


Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте