Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысының туризм басқармасы

Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
04.03.2019
0

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі  № 291 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2857 болып тіркелген, 2015 жылғы  13 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

«Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының  2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2.  Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурызындағы   № 82  «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3033 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

«Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Суйеуова Г.Қ.) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары У.С. Бисақаевқа жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Маңғыстау облысының әкімі       Е. Тоғжанов

Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте